ПОДЕЛИТЬСЯ
15 маусым 2023 | 16:34
Жамаубаев вице-премьер ретінде қандай қосымша төлем алатынын айтты
Сенат кулуарында журналистер премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан жақында ғана премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қандай қосымша төлем алатынын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жауап ретінде Жамаубаев бұл сұрақты Дүйсенованың өзіне қоюды өтінді. Бұл ретте ол өзі алатын қосымша төлем мөлшерін жария етті.
"Мен өз тәжірибемнен кейбір қосымша төлем Үкімет аппараттан түсетінін білемін, бірақ бәрі Дүйсенованың жұмыс тәжірибесіне байланысты. Сондықтан, оны жеке сұраңыз. Мен шамамен 300-400 мың теңге аламын", - деп жауап берді вице-премьер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также