07 желтоқсан 2021 | 15:44

Жамбыл облысы экономикасына 324,2 миллиард теңге инвестиция тартылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті баспасөз брифингінде биылғы 11 айдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті баспасөз брифингінде биылғы 11 айдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшылығының қолдауының арқасында Жамбыл облысында дамудың оң динамикасы сақталған.

Дүниежүзіндегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, облыста Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауларының және мемлекеттік бағдарламалардың жемісті жүзеге асуының нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында Жамбыл өңірдің экономикалық өсім 4,9 пайызды құрады.

Реклама
Реклама

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 540 миллиард теңгені құрап, 5 пайызға артты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 410 миллиард теңгеге жетті (+1,5 пайыз). Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 10 пайызға айналды. Облыс экономикасына 324,2 миллиард теңге инвестиция тартылды. Құрылыс көлемі 9 пайызға өсті, облыс бойынша 598,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім – 18,5 пайыз). Бюджет қаражаты 98,9 пайыз игерілді.

Бір айта кетерлігі, Жамбыл облысы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар арасында жыл бойы алдыңғы қатарлардан көрініп келеді.

Экономиканың дамуы бірден-бір оған жұмылдырылған инвестиция көлеміне, өнеркәсіп өндірісіне байланысты.

Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін Жамбыл облысында 2,7 триллион теңгеге 107 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Есепті кезеңде 50,7 миллиард теңгеге 5 жоба іске асырылды.

Мемлекет басшысының Жолдаудағы міндеттерді іске асыру нәтижесінде өңірде жаңа сала пайда болды. Ол – фармацевтика. Бұл бағыттағы есепті кезеңдегі өнім өндірісі 3239,9 млн теңгені құрап, көрсеткіш  2,4 есеге өсті.

Аймақ басшысы кәсіпкерлерді қолдау шараларына да тоқталды. Облыста барлығы 71,7 мың ШОБ субъектісі тіркелген, оларда 123 мың адам жұмыспен қамтылған.

Жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 1,3 мың кәсіпкерге  жалпы 5,1 миллиард теңге көлемінде  шағын несиелер берілді, 4,7 мың адам жалпы 2,7 миллиард теңгенің қайтарымсыз гранттарына ие болды.

"Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында 1,1 мың кәсіпкерге несиелерді ішінара кепілдендіруге 2,1 миллиард теңге, 1,2 мың кәсіпкердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 5,3 миллиард теңге берілді.

"Қарапайым заттар экономикасы" шеңберінде жалпы 71,3 миллиард теңгенің 179 жобасы мақұлданып, 64,3 миллиард теңгенің 177 жобасы қаржыландырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная