10 ақпан 2020 | 21:29

Жамбыл облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды 

Фото: polisia.kz

Генерал Жанат Сүлейменов Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Генерал Жанат Сүлейменов Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Сүлейменов Жанат Қуанышұлы тағайындалды.

Реклама
Реклама

Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы 1962 жылы дүниеге келген, ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы қызметінде Арман Оразалиев болған еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram