29 тамыз 2023 | 10:57

Жамбыл облысында 171 миллион теңгенің электрон темекесі жойылды

Сурет: elements.envato.com

Жамбыл облысында 50 мыңға жуық электрон темекі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында 50 мыңға жуық электрон темекі жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА департаменті облыс бойынша сот үкімімен вейптің едәуір көлемін жойды. Құрылғының жалпы саны 49,5 мың дана, құны 171 миллион теңгеден асады.

"Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасының аумағына вейпті заңсыз әкелуге және айналымына қарсы күрес шеңберінде тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, оның нәтижелері бойынша биыл тек Жамбыл облысында осындай үш факт анықталды. Тәркіленген вейптердің жалпы саны шамамен 175 мың дана болды, құны 350 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Департамент қылмыстық істер бойынша үкім шыққаннан кейін вейптерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда электронды темекіні заңсыз көтерме сату қызметі тоқтатылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная