Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды

© instagram.com/jambyl_tjd

Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

28 қарашада сағат 13:25 минутта Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Республикалық маңызы бар "Алматы-Термез-Ташкент" автожолында (576-593 шақырымында) ТЖД-ның 5 қызметкері мен 2 дана техникасы қар құрсауында қалған 21 автокөлікті шығарды. Ондағы 51 адам құтқарылды. Оның ішінде 12 бала бар. Үш адам, оның ішінде екі бала басқа орынға көшірілді. Бұл туралы департаменттің Instagram-дағы парақшасында хабарланды. 

Реклама
Реклама

Автожолдардың тазартылған учаскелеріне 21 жеңіл автокөлік сүйреп шығарылды.

Ведомство өкілдері жүргізушілерге абай болуын айтып, бұрқасын, тұман, көктайғақ туралы SMS хабарлама алған жағдайда мүмкіндігінше жолға шықпауға кеңес берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама