Жамбыл облысында 57 шенеунік нашар жолдар үшін жауапқа тартылды

Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында 57 лауазымды тұлға жолдарды дұрыс күтіп ұстамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 57 лауазымды тұлға жолдарды дұрыс күтіп ұстамағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың алғашқы екі айында Жамбыл облысының жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері жалпы ұзындығы 5 мың шақырым болатын көлік жолдарында 668 тексеру жүргізген.

"Тексерулер нәтижесінде облыс аумағындағы автожолдардан 2709 ақау анықталды. Жол мекемелерінің басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға бұл кемшіліктерді жою жөнінде 668 ұйғарым жіберілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жамбыл облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Азамат Бақытұлының айтуынша, жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу бойынша 57 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар жол-техникалық инспекциясының нұсқамаларын орындамағаны үшін, автомобиль жолдарын күтіп ұстауға жауапты жеке мердігерлік мекемесінің лауазымды тұлғасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама