Жамбыл облысында әлеуметтік осал санаттағы 316 отбасы қоныс тойын тойлады

Жамбыл облысында әлеуметтік осал санаттағы 316 отбасы қоныс тойын тойлады Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 316 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Тараз қаласының Әулиеата ауданындағы Ұлы дала (15) шағынауданында 196 пәтерлі, ал Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Жамбыл облысында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 316 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Тараз қаласының Әулиеата ауданындағы Ұлы дала (15) шағынауданында 196 пәтерлі, ал Жамбыл ауданының орталығы Аса ауылында 120 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Жаңа баспаналар ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға табысталды.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова қатысты. Сондай-ақ шараға облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, қоғамдық кеңес мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, қоныс иелеріне ақжарма тілектерін білдірді.

Жарнама
Жарнама

Салтанатты жиында сөз сөйлеген Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асып жатқанын атап өтті.


"Ел Президенті азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мен олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселесін мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Халқымызда "Отан – отбасынан басталады" деген тағылымды сөз бар. Ал әр отбасының бақыты мен берекесі өз шаңырағымен тығыз байланысты. Сондықтан бүгінгі қоныс тойының мәні мен маңызы ерекше. Жаңа баспанаға қол жеткізген барлық тұрғындарды шын жүректен құттықтаймын! Әр шаңыраққа құт-береке, ынтымақ пен молшылық тілеймін! Балалардың шат күлкісі мен ата-аналардың қуанышы үйлеріңізден ешқашан кетпесін!" – деді облыс әкімі.

Биыл облыс бойынша 770 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен Тараз қаласында 111,8 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделген.

Айта кетерлігі, өткен жылы облыс аумағында 16 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл 1190 пәтерді қамтитын 31 көпқабатты тұрғын үйді ел игілігіне тапсыру жоспарланып отыр.

Қоныс иелерінің атынан сөз сөйлеген тараздық Арайлым Шатырова көптен күткен қуанышымен бөлісті.

"Тұрғын үй кезегінде тұрғаныма он бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде өз баспанамыз болса деген үмітпен күттік. Бүгін сол арманымыз орындалып, екі бөлмелі пәтердің кілтін алып отырмын. Бұл – мен үшін ғана емес, отбасым үшін де үлкен қуаныш. Осындай мүмкіндікті сыйлаған мемлекетке алғысым шексіз", – деді ол.

Тараз қаласындағы 196 тұрғын үй баспана кезегінде 10 жылдан аса уақыт тұрған азаматтарға берілді.

Суреттер: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал Аса ауылындағы "Бәйтерек" тұрғын алқабында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын "Тараз құрылыс Дизайн" ЖШС жүргізді. Бес қабатты тұрғын үйде 10 бір бөлмелі, 62 екі бөлмелі және 48 үш бөлмелі пәтер бар.

"Бүгін біздің жанұямыз үшін ұмытылмас бақытты күн. Көптен күткен арманымыз орындалып отыр. Сегіз баламыздың несібесіне үш бөлмелі жаңа пәтерге қол жеткіздік. Осындай мүмкіндік жасап отырған мемлекетке, облыс және аудан басшылығына шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді қоныс иелерінің бірі, Аса ауылының тұрғыны Жәмилә Жайылғанова.

Tengrinews
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама