17 шілде 2020 | 17:05

Жамбыл облысында аурухана басшылығы дәрігерлердің үстемеақысын жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Олар медицина қызметкерлерінің үстемақысын жымқырды деген күдікке ілігіп отыр.

Реклама
Реклама

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу коронавирус пандемиясы жағдайында эпидемияға қарсы шаралар үшін еңбекақыға аударылған қосымша үстемақыдан қаржы иемдену дерегі бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная