03 наурыз 2014 10:09

Жамбыл облысында автобустардың қақтығысуынан 9 адам қайтыс болды

©Нұрғиса Елеубеков

"Жамбыл облысында автобустардың қақтығысуы салдарынан 9 адам қайтыс болып, тағы 11-і түрлі жарақат алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға 2 наурыз күні кешкі уақытта Қордай ауданында, Алматы-Ташкент автожолының 175 шақырымында орын алды. Хабарламадан мәлім болғаны 53 жолаушы мінген VanHool автобусы Mercedes шағын автобусымен (ішінде қанша адам болғаны беймәлім) соқтығысқан. Оқиға салдарынан қырғызстандық микроавтобустың жүргізушісі мен Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары болып табылатын сегіз жолаушы қаза тапқан. Қайтыс болған азаматтар мен жарақат алғандардың жеке басы анықталып жатыр. Жол-көлік апатының салдарын жоюға облыстық ТЖД Өртке қарсы қызметінің бір техникасы мен жеке құрамның алты қызметкері және ТЖМ Трассалық дәрігерлік-құтқару пункті қызметінің бір техникасы мен үш қызметкері жұмылдырылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram