Жамбыл облысында балабақша бюджет қаражатын жымқырып келген

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жамбыл облысының прокурорлары ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының прокурорлары ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.

"Екі жыл бойы балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін заңсыз бюджет қаражатын алып отырған.

2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру дерегі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен тіркелді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне тапсырылған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама