ПОДЕЛИТЬСЯ
29 сәуір 2024 | 08:07
Жамбыл облысында бес алаяқ 246 миллион теңгеге 130 адамды алдап кеткен
Таразда сот 130 адамға қатысты алаяқтық жасады деп айыпталған бес адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таразда сот 130 адамға қатысты алаяқтық жасады деп айыпталған бес адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараз қаласы №2 соты алаяқтықпен 130 адамды құрықтарына түсірген Т., Д., И., К. және И. - ларға қатысты қылмыстық істі қарады.
"Сотталған Т. өзінің қылмыстық сыбайластары Д., И., К. және И.-мен бірге адамдар тобы болып алдын ала сөз байласу арқылы жеке тұлғалардың сенімдерін теріс пайдаланып, олардың аттарына online тауарлық несие ресімдеп, тауарды қолма-қол ақшаға айналдыру арқылы бөтен мүлікке құқықты иемдену арқылы алаяқтық әрекеттер жасаған. Сотталғандардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 130 адам жәбір көріп, жалпы 246 млн. тенгеден астам сомада материалдық залал келтірілген", - делінген хабарламада.
Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, бейне және өзге де заттай айғақтар нәтижесінде толық және объектив түрде делелденгені айтылды.
Сот шешімі:
"Сотталғандардың жасөспірім балаларының болуы және жасаған қылмыстық әрекеттері үшін шын жүректен өкінулері қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Сотталғандар Т., И., К. және Д.-ның қылмысты жасауда айрықша рөл атқарулары қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды. Сот Т.-ны ҚК-тің 190-б. 4-б. 2-т. бойынша кінәлі деп танып, оған ҚК-нің 50-б. 3-б. талаптарын қолдану арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Д., К., және И. ҚК-нің 28-б. 5-б. - 190-б. 3-б. 4-т. бойынша кінәлі деп танылып, оларға ҚК-тің 50-б. 3-б. талаптарын қолдану арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған И. ҚК-нің 28-б. 5-б.- 190-б.2-б. 1-т. бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".
Сот талқылауы барысында келтірілген залал ішінара өтелген, ал іс бойынша залалды өтеу мен келтірілген зиянды түзету бойынша шаралар қабылдаған кәсіпкерлерге қатысты ҚК-нің 68-бабына сәйкес іс жүргізу тоқтатылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также