ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2023 | 12:13
Жамбыл облысында дәмхана клиенттеріне жезөкшелер қызметі ұсынылған
Жамбыл облысында жезөкшелер үйін ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысқан 50 жастағы әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметі ұсынылған дәмхананы анықтады.
Ойын-сауық мекемесінің әкімшісі заңсыз әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
"50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған ұялар ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, келу міндеттемесі бойынша қолма-қол ақша түріндегі заттай айғақтар мен ұялы телефондар тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также