Жамбыл облысында департамент басшысы пара алғаны үшін айыппұлмен құтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз сотымен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, "Тараз металлургия зауыты" ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М. Асан сотталды.

"Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салуға сотталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама