11 қараша 2021 | 09:07

Жамбыл облысында екі оқушының ойыны қайғылы оқиғаға ұласты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© ktk.kz

Жамбыл облысы Меркі ауданында пневматикалық қарудан жарақат алған 14 жастағы Тескентоған ауылының тұрғыны көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Меркі ауданында пневматикалық қарудан жарақат алған 14 жастағы Тескентоған ауылының тұрғыны көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 9 қарашада болды. Полиция оқушының досымен бірге ата-анасының рұқсатынсыз қару алып, далада құс атқан кезде жарақат алғанын анықтады.

КТК телеарнасының айтуынша, бала басынан алған жарақаттан қайтыс болды. Полиция әзірге бұл істі "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша тіркеді. Марқұмның туыстары кінәлілерді жазалауды талап етеді.

Реклама
Реклама

"Олардың жазаланғанын қалаймын, өйткені қаруларын қараусыз қалдырған. Өз баласын қорғап, біздің баламыз өзін атып тастады деп отыр. Сонда бұл суицид болғаны ма? Бірақ олай емес. Бұл - ересектердің немқұрайдылығы", - дейді марқұмның туысы Балғын Балқарбай.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная