11 қараша 2018 | 09:36

Жамбыл облысында ерекше жылыжай салынып жатыр

© 24.kz

Қордайда аквапоникалық жылыжай салынып жатыр. Мұнда өсімдіктер топырақта емес, суда өсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қордайда аквапоникалық жылыжай салынып жатыр. Мұнда өсімдіктер топырақта емес, суда өсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, суға балық жіберіліп, оның қалдықтарынан өсімдіктер нәр алады. Осылайша заманауи жылыжайда балық пен тамаққа қажет жапырақ өнімдері өсіп-өнеді. Жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуықтайтын жобаны оңтүстік кореялық инвесторлар қаржыландырған.

Реклама
Реклама

Тың технологияның арқасында жылына 300 тонна тағамдық жапырақ пен 40 тоннадан астам балық алынбақ. Қазір құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталған. Келешекте жылыжай жанынан балық өңдеу цехын салу жоспарда бар.

"Бұл технология Қазақстанда жоқ болған технология. Инновациялық технология арнайы Оңтүстік Корея мемлекетінен алып келінген технология. Жоба осы жылы жүзеге асырылып бастады. 2019 жылы бұл жобаны іске қосамыз деп жоспарлануда. Одан басқа қажетті инфрақұрылым тартылатын болады. Ол газбен, электроэнергияның жүйелері", - деді Қордай аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қайрат Мамбетов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная