03 қаңтар 2022 19:18

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жамбыл облысында болған ауыр жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында болған ауыр жол апатынан екі адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, 2 қаңтар күні сағат 15.20 шамасында республикалық маңызы бар "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тасжолының 223-ші шақырымында Mercedes Benz көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды.

Реклама
Реклама

"Әйел көлік тізгінін басқара алмай, жолдан шығып, шұңқырға түсіп бірнеше рет аударылып кеткен. Апат салдарынан көліктің екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші және түрлі дене жарақаттарын алған төрт жолаушы Қордай кентінің орталық аудандық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram