Жамбыл облысында жасөспірім жол апатын жасап, әдеттегіден алты есе аз айыппұл алды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Жамбыл облысында сот 16 жастағы жасөспірім жүргізушінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында сот 16 жастағы жасөспірім жүргізушінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасына қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігі (Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша кәмелетке толмаған жасөспірім пен оның анасына қатысты істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы тамызда көлік құралын басқаруға құқығы жоқ кәмелетке толмаған Е. (2008 жылы туған) Audi C4 көлігін тізгіндеп, жол жүрісі ережелерін сақтамаған. Нәтижесінде ол қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Jetta маркалы автокөлікпен соқтығысып, жәбірленушіге материалдық шығын мен жеңіл дене жарақатын келтірген.

Реклама
Реклама

Сотта кәмелетке толмаған Е. кінәні толығымен мойындады және келтірілген залалды өтеуге дайын екенін айтты.

"Сот құқық бұзушылықты бірінші рет жасауды және кінәні мойындауды жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықтады. ӘҚБтК-нің 610-бабының 3-бөлігінің санкциясы 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді. Заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарға 10 АЕК-тен аспайтын айыппұл тағайындалады. Осыған байланысты заңды өкіл Б.-ға 39 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама