17 қаңтар 2023 | 09:46

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Луговое ауылында болған. Жедел жәрдем науқасты Таразға алып бара жатқан. Жолда Mercedes қарсы жолаққа шығып кеткен. 31 жастағы жедел жәрдем жүргізушісі соқтығысуды болдырмауға тырысып, қарсы жолаққа бұрылып, жол талғамайтын көлікті соғып кете жаздаған. Жанама соққыдан жедел жәрдем көлігі бүйіріне құлаған.

Фельдшер жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға жолдағы көктайғақ себеп болуы мүмкін дейді куәгерлер.

Реклама
Реклама

"Осы дерек бойынша жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті анықтау үшін автотехникалық сараптама тағайындалды", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная