19 қараша 2021 | 09:49

Жамбыл облысында жол сапасы үшін 211 шенеунік жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Жамбыл облысында жол сапасы үшін 211 шенеунік жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында жол сапасы үшін 211 шенеунік жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, биыл облыста 1684 жол тексерісі жүргізіліп, тексеру барысында 11 713 ақау анықталған.

"Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша жол ұйымдарының басшыларына 1684 нұсқау берілген. Автокөлік жолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктер бойынша 323 ақпарат жолданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, теміржол өткелдеріне барлау жұмыстары жүргізіліп, 185 ақау анықталды. Өткелдерге қызмет көрсететін мекеме басшыларына оларды жою туралы 71 ұйғарым шығарылды.

"Берілген нұсқауларға сәйкес, облыстық маңызы бар жолдарда 3185 жол белгісі орнатылды, 6802 шақырымнан аса жол сызбалары салынды, 154 541 шаршы метр жол жөнделді, 53 жол буферлері ауыстырылды, 1660 дана сигнал бағаналары мен 8515 жарық шағылдырғыштары орнатылды", - делінген хабарламада.

Жолдарды күтіп ұстау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 211 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Жолдарда жұмыстарды орындау, жолдарды, жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігіне сәйкес 129 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы бір лауазымды тұлғаға қатысты осыған ұқсас, бірақ жол-көлік оқиғасын жасауға әкеп соққан құқық бұзушылық үшін әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 2-бөлігі). Автомобиль жолдарын, теміржол өткелдерін және жол қозғалысын реттеудің басқа да құрылыстарын немесе техникалық құралдарын бүлдіргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы, 1-бөлігі) 79 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Жамбыл облысы бойынша ПД ЖПБ басшысы Жайдарбек Құттыбаев.

Сонымен қатар, Тараз қалалық полиция басқармасы мен Меркі аудандық полиция бөлімі берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша "Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мен Меркі ауданы Т.Рысқұлов ауылдық округінің әкімдігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная