ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2023 | 09:23
Жамбыл облысында жолшылар жұмысқа шығудан бас тартты
Жамбыл облысында жол жөндеушілер жалақының төмендігі мен оны төлеудің үнемі кешігуіне байланысты жұмысқа шығудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында жол жөндеушілер жалақының төмендігі мен оны төлеудің үнемі кешігуіне байланысты жұмысқа шығудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар тасжолды күтіп-ұстауға жауапты жол қызметі қызметкерлерінің айтуынша, былтыр жалақылары кешігіп келген. Биыл да бұл жалғасып жатыр. Мердігерлер зейнетақы төлемдері мен міндетті медициналық сақтандыру жарналарын да ұстамаған.
Таразға келген 30 қызметкер өз талаптары мен мәселелерін басшылыққа жеткізді. Сондай-ақ, олар жол жөндеу жұмыстарына қажетті техниканың жоқтығына шағымданды.
"ҚазАвтоЖол" компаниясы жалақы мен әлеуметтік төлемдердің кешіктірілуіне қатысты пікір беруден бас тартты. Серіктестік өкілдері бұл мердігерлердің мәселесі екенін айтты. Өз кезегінде мердігерлер компанияның елордадағы бас кеңсесінде құжаттардың ұзақ тексерілуінен кешігулер болғанын алға тартады. Сондай-ақ, олар жалақыны көтеру туралы хат жібергенін хабарлады.
"Алдағы уақытта мұндай жағдай болмас үшін барлығын алдын ала бақылауда ұстаймыз. Жалақыны көтеру мәселесі бойынша наурыздың басында "ҚазАвтоЖолға" ресми хат жолдаған болатынбыз. Онда жұмысшылардың жалақыны 30 пайызға көтеру туралы өтініші көрсетілген. Егер олар ресми жауап беріп, жалақыны көтеруге мүмкіндік болса, біз оны жасаймыз", - деді "Шымкентспецкомплекс" ЖШС директорының орынбасары Мақсат Құрмантай.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также