05 ақпан 2023 | 09:20

Жамбыл облысында күн жылынып, бірнеше ауылды су басты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында бірнеше елді мекендегі көшелер мен аулаларды еріген қар суы басты. Мұның себебі - күн күрт жылынуы және қардың уақтылы шығарылмауы. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында бірнеше елді мекендегі көшелер мен аулаларды еріген қар суы басты. Мұның себебі - күн күрт жылынуы және қардың уақтылы шығарылмауы. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Ауылдарда судан тазарту жұмыстары жүргізілген. Жағдай жауапты ведомстволардың бақылауында.

"Жаңатас қаласында жаңбыр суы, қар еруіне байланысты Бүркітті көлінде су көтерілді. Оқиға орнына Сарысу ауданының ТЖ бөлімінің құтқарушылары мен техниктері бірден жіберілді. 40-тан аса қызметкер жұмылдырылды", - деді Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Мақсат Қосыбаев.

Реклама
Реклама

Өңірде дауыл туралы ескерту жарияланды. Жамбыл облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная