Жамбыл облысында мектеп оқушысын өзіне қол салуға дейін жеткізгендер сотталды

Жамбыл облысында мектеп оқушысын өзіне қол салуға дейін жеткізгендер сотталды Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша үш тұлғаға қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы өзіне қол салуға дейін жеткізу фактісі бойынша үш тұлғаға қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Еңбекке жегіп, қорқытып келген

Тергеу барысында 7–11 сынып оқушылары арасында "бейресми көшбасшылардың" және "көшелік ұғыммен өмір сүру" тәртібінің қалыптасуы бар екенін, бұл кей жағдайда жастар арасында қалыпты жағдай ретінде қабылданатыны анықталған.

Реклама
Реклама

"Қайғылы оқиғаның себептері ретінде "үлкендер" тарапынан жүйелі түрде қорқыту, психологиялық қысым көрсету және еңбекке мәжбүрлеу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, қайғылы оқиғаға дейінгі соңғы күндері кәмелетке толмаған жасөспірім жастар арасында "авторитет" ретінде танылған жоғарыда көрсетілген азаматтың үйінде мәжбүрлі түрде құрылыс жұмыстарын атқарған", - делінген хабарда.

Құзырлы орган ақпаратынша, ауылдың 22 жастағы тұрғыны, сондай-ақ 10-11 сыныптың екі оқушысы күдікті ретінде танылған.

Үкім

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен олар кәмелетке толмаған баланы өзіне-өзі қол салуға дейін жеткізгені үшін кінәлі деп танылған.

"Негізгі орындаушыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ал оның кәмелетке толмаған екі сыбайласының әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама