ПОДЕЛИТЬСЯ
21 маусым 2024 | 11:46
Жамбыл облысында мемлекеттік кәсіпорын басшылығы 4 көлікті жымқырғаны үшін сотталды
Жамбыл облысында "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-і басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-і басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Талас ауданының прокуратурасы "Таза-Талас" ШЖҚ КММ-нің теңгерімінде тұрған автокөліктерді жымқыру дерегін анықтаған.
"Мекеме басшылығы жалған құжаттар негізінде, сатылымға шығарусыз 4 автокөлікті үшінші тұлғаларға сатқан. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 22 миллион теңге болады.
Аталған дерек негізінде Талас ауданының прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса ipi мөлшерде талан-таражға салу дерегі") бойынша соталды тергеп тексеруді бастады", - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс, облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен тергелді.
"Іс шеңберінде прокуратурамен құны 10 миллион теңге болатын 2 автокөлік қайтарылып, 7 миллион теңге мемлекет пайдасына өндірілді.
Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімі бойынша, "Таза-Талас" мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также