05 маусым 2024 09:34

Жамбыл облысында орман өртенді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысы Сарыкөбі орман шаруашылығы ауданында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы Сарыкөбі орман шаруашылығы ауданында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 маусымда сағат 16:20 шамасында Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты "Сарыкөбі орман шаруашылығы" аумағында 1650 гектар аумақта құрғақ шөп өртенген.

"Өрт шыққан жерде орман шаруашылығының қызметкерлері (25 адам, 3 трактор) жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, өрт орнына орман шаруашылығының қызметкерлері (22 адам, 7 трактор, 3 автокөлік), ТЖД (84 қызметкер, 9 техника) барды. Шығыстан соққан жел секундына 10-12 метр. Ауа температурасы - 30 градус жылы. Орман шаруашылығы облыстағы ең жақын елді мекеннен 160 шақырым жерде орналасқан", - деп хабарлады облыс әкімдігі.

Реклама
Реклама

Өрт Тұрар Рысқұлов ауданы аумағына тараған. Қазір бұл салаға 3 бригада, 16 адам, 5 техника жұмылдырылған.

Әкімдік өртке қатысты өзекті ақпаратты кейінірек беруге уәде етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram