Жамбыл облысында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жамбыл облысының Аспара-Шу аралығындағы пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Пойыз қозғалысының бір жолы түнгі 02.15-те ашылды. Бірінші болып контейнерлік пойыз, одан кейін Шымкент - Нұрсұлтан бағытындағы № 712 "Тальго" жолаушылар пойызы өтті. Қарсы бағыттағы қозғалыс таңғы 8.20-да ашылды", - делінген хабарламада. 

Қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына арнайы теміржол және автотрактор техникасы, 75 жұмысшы жұмылды.

Реклама
Реклама

Ақпарат алу үшін жолаушылар 105 нөміріне хабарласа алады. 

Еске салайық, Меркі өңірінің тауларында қар аралас нөсер жаууы салдарынан автожол мен теміржол көпірін су басқан еді. Салдарынан пойыздар уақытша тоқтап тұрған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама