07 ақпан 2021 10:02

Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кетті

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Шу-Алматы бағытындағы жүк пойызы рельстен шығып кеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Шу-Алматы бағытындағы жүк пойызы рельстен шығып кеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шу-Алматы бағытында №2534 жүк пойызының 10 платформасы темір жолдан шығып кеткен. Пойызда 54 вагон болған. Бәрі бос. Олардың жетеуі бір жанына қисайған, бесеуі шұңқырға құлады, екеуі тақ жолдар желісіне аударылған, үш платформа рельстен шығып кетті", - деп хабарлады облыстың ТЖМ баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде Отар станциясында кідіріс болды:
Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында № 3 жолаушылар пойызы 4 сағат 45 минутқа (167 жолаушы, оның ішінде үш бала, 18 вагон);
Алматы - Петропавл бағытындағы № 15 жолаушылар пойызы 2 сағат 37 минутқа (445 жолаушы, 43 бала, 16 вагон);
Алматы-Атырау бағытындағы № 41 жолаушылар пойызы 1 сағатқа (227 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 17 вагон);
Алматы - Қостанай бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы 30 минутқа (200 жолаушы, 1 бала, 19 вагон).
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

"Сағат 20.00-де ТЖД жедел көмек көрсету телефоны іске қосылды. Отар станциясында БСМК кезекшілік етті. 21.30-да тақ жолдағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "ҚТЖ "ҰК" АҚ 50 қызметкер, 6 техника және Шу мен Алматы станциясының екі қалпына келтіру поезы жұмылдырылды", - деп қорытындылады ведомствода.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram