Жамбыл облысында прокуратура қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп 16 сәуірде Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкерін ұстады.

"Ол айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері мен прокурор пара алды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама