Жамбыл облысында прокурор ауысты

Жамбыл облысында прокурор ауысты

Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының келісімімен Бас прокурордың 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-ші санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров тағайындалды", - делінген хабарламада.

Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша білім алған.

Жарнама
Жарнама

Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған.

Ол Бас прокуратурада үш департаменттің басшысы болды - арнайы прокурорлар, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс аймақтық көлік прокурорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының прокуратураларын басқарды. Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі - 28 жылдан асқан. 

Бұрын Жамбыл облысының прокуроры қызметін атқарған Ж.Қ. Құсайынов Бас прокуратураның қарамағына алынды.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама