05 сәуір 2024 12:46

Жамбыл облысында шопан 40 келіден аса есірткіні қысқа дайындап қойған

Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында 40 келіден аса есірткіні қысқа дайындап қойған шопан ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында 40 келіден аса есірткіні қысқа дайындап қойған шопан ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жедел уәкілдер шаруа қожалығының аумағында 40 000 дозадан асатын марихуана тәркіледі.

"Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам Меркі ауданында малшы болып жұмыс жасаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдіктінің айтуынша, ол жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтыну үшін сақтаған. Іздеу барысында күдіктінің күртешесінің қалтасынан марихуана орамасы табылған.

Тәркіленген заттың көп бөлігі жақын маңдағы мал фермасында сақталған. Әрі қарай, шаруа қожалығының аумағындағы сарайдан 3 полиэтилен пакет жасырылған орын табылды. Онда жабайы қарасораның сабақтары болған.

Сонымен қатар, есірткі шегуге арналған пластикалық бөтелке табылды. Күдікті марихуананы қыста өзі тұтыну үшін дайындағанын мойындады.

"Полицейлер барлығы 40 келі 240 грамм кептірілген марихуананы тәркіледі. Ұсталған адам ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қамауға алынды", – дейді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram