22 желтоқсан 2022 | 18:48

Жамбыл облысында спорт саласында атқарылған жұмыстар

Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес спорт саласы 4 нысаналы индикаторлар бойынша жұмыстар атқарды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес спорт саласы 4 нысаналы индикаторлар бойынша жұмыстар атқарды.

2022 жылдың 1 - 15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул (Бразилия) қаласында XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындары өтті. Төрт жылда бір рет өтетін додаға 100 елден 4 мыңға жуық спортшы жиналды. Қазақстан құрамасынан 9 спорт түрі бойынша 65 спортшы қатысты. Соның ішінде, ойындарға Жамбыл облысынан 6 спорт түрі бойынша 13 спортшы лицензия жеңіп алды (дзюдодан Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Анна Краморова, Фериде Кара-Оглы, еркін күрестен Ғабит Есжанов, Ғасыр Тұрғынбай, Шыңғысхан Әлдибаев, грек-рим күресінен Абзал Досжанов, Нұржан Асан,жүзуден Руслан Райымбеков, Софья Закутняя, таеквондодан Олжас Рысжанов, жеңіл атлетикадан Яна Сибирякова).

Жарыс қорытындысы бойынша облыс спортшылары 11 медаль иеленді. Оның ішінде 3 күміс және 8 қола медаль.

Реклама
Реклама

Олар: дзюдодан Фериде Кара-Оглы - жекелей және командалық жарыста қола медаль, Анна Краморова – жекелей жарыста күміс медаль, командалық жарыста қола медаль, Эвелина Егембердиева және Айдос Түгелбаев командалық жарыста қола медаль иеленді, таеквондодан Олжас Рысжанов жекелей және жұптық жарыста екі қола медальға қол жеткізді. Грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде Асан Нұржан қола жүлдегер атанды. Еркін күрестен 57 кг салмақ дәрежесінде Ғабит Есжанов және 74 кг салмақ дәрежесінде Тұрғынбай Ғасыр күміс жүлдегер атанды.

Сондай ақ, күміс медаль иеленген спортшыларға «Ұлы дала» мөлтек ауданынан 2 бөлмелі пәтерден, ал қола медаль иеленген спортшыларға 1 бөлмелі пәтерден тұрғынжай коммуналдық тұрғын үй қорынан өтеусіз негізде берілді.

Спорт резервін дайындау - облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы алдында тұрған ең маңызды мемлекеттік міндет болып отыр.

Осы бағытта Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі, Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы, Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, 8 - облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 3- аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 - аула клубы және 6 - спорт клубы ("Тараз" кәсіпқой футбол клубы, "Ұлттық спорт түрлерінен "Әулие-Ата" кәсіпқой клубы, "Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубы", "Жамбыл" бокс клубы", "Тараз» кәсіпқой волейбол клубы", "Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы") жұмыс атқаруда.

Аталған спорт мекемелерінде 28 447 (2021 жылы - 29 219 спортшы, -772 спортшыға кеміді) спортшымен тұрақты түрде 1 064 (2021 жылы - 1 045 жаттықтырушы, +19 жаттықтырушыға артты) жаттықтырушы жұмыс жүргізуде.

Қазіргі таңда облыста спорттың 78 түрі қамтылған. Оның ішінде олимпиадалық спорт түрлері - 26, олимпиадалық емес спорт түрлері - 22, ұлттық спорт түрлері -10, паралимпиадалық спорт түрлері - 8, сурдлимпиадалық спорт түрлері - 9, паралимпиалық емес спорт түрлері - 3.

Облыс споршылары өткен жылы түрлі республикалық және халықаралық байрақты бәсекелерде 1 488 медальға ие болса (оның ішінде 556 алтын, 466 күміс, 466 қола), 2022 жылдың 1 желтоқсаны бойынша барлығы 1 914 медаль иеленді (оның ішінде 741 алтын, 562 күміс, 611 қола).

2022 жылы жамбылдық 8 спортшы ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (Есжанов Ғабит, – сурдо еркін күрес, Тұрғынбай Ғасыр - сурдо еркін күрес, Краморорова Анна – сурдо дзюдо, Кара Оглы Фериде - сурдо дзюдо, Егембердиева Эвелина - сурдо дзюдо, Тугелбаев Айдос - сурдо дзюдо, Рысжанов Олжас - сурдо таеквондо, Асан Нұржан - сурдо грек-рим күресі), 8 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 спортшы ҚР спорт шебері нормативін орындады. Ал, 3 жаттықтырушы «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» (Әлжанов Ермек – дзюдо, Мусинов Алтынбек – таеквондо, Бекпенбетов Бақытжан - бокс) атағына ие болды.

Сондай-ақ, 540 спортшыға "ҚР спорт шеберлігіне кандидат" спорттық атақтары берілді.

Бүгінгі таңда 683 спортшы түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаларға мүше болып отыр.

Оның ішінде, 253 спортшы Ұлттық құрама, 225 спортшы жастар құрамасы және 201 спортшы жасөспірімдер құрамасы сапында ел абыройын халықаралық спорт бәсекелерінде асқақтатып келеді.

Соңғы жылдары облыс спортшыларына жаңа серпін беру мақсатында, спорт мекемесі басшылығына және спорт түрлерінен облыстың аға жаттықтырушылығына дүниежүзілік тәжірибелерін жас буынға енгізу мақсатында Әлемдік ареналарда үлкен жетістіктерге жеткен спортшылар тартылды.

Олар: Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, еркін күрестен жастар арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Руслан Сексенбаев, бокстан ҚР чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы, Азия және Әлем чемпионатына қатысушы Мақсат Оспанов, оқ атудан Азия ойындарының және Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Бақтияр Ыбыраев, грек-рим күресінен жастар арасында Азия чемпионы Асылжан Байзақов, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы Оразәлі Ермекбай, еркін күрестен жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрсұлтан Найзабеков, бокстан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы Арман Тайсенгиров, су добынан ҚР чемпионатының үш дүркін чемпионы Әділ Айымбетов және т.б.

Аталған спорт мамандарының жүргізген жұмыстарының нәтижесінде облыс спортшылары халықаралық спорт аренасында үлкен жетістіктерге жетуде.

Бүгінгі күні облыста жас спортшыларға ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені бүгінгі жастар, ертеңгі 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына үміткер спортшылар. Сондықтан жас таланттардың оқу-жаттығу жұмыстары мен халықаралық жарыстарға қатысулары қатаң бақылауға алынған.

Атап айтсақ, Әлішер Ерғали – еркін күрестен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Шамшаев Данияр – дзюдодан Азия чемпионы, Нұрқанат Серікбаев – дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы, Европа Кубогының жеңімпазы, Айтанов Нұрданат – еркін күрестен жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, Ердос Шәріпбек пен Виктория Байдукова – бокстан жастар арасында Азия чемпиондары, Дәулет Ергеш – еркін күрестен U23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Асланбек Шымбергенов – бокстан Азия чемпионы, Елдос Сметов – дзюдодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Рахат Қалжан – еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері, Ислам ойындарының қола жүлдегері, Нұрдәулет Жұмағали – пара жүзуден Әлем Кубогының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азиза Караджанова – таеквондодан Бүкіләлемдік Гимназияданың жеңімпазы, Дінмұхамед Қошқар – грек-рим күресінен жастар арасында Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Сұлтан Әсетұлы – грек-рим күресінен студенттер арасында Әлем Кубогының жеңімпазы, Дулат Бекбауов – бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Диас Молжігітов – Әлем Кубогының қола жүлдегері, Ашрапов Юсуп – грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, Жақсылықбек Диас – грек-рим күресінен U15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы, Тұрдалы Нұрмұхамед – еркін күрестен U15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы сынды спортшылар дайындалуда.

Жоғары жетістікке қол жеткізіп, ҚР Ұлттық құрама командаларының мүшелері болып табылатын спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау мақсатында және табыс көзін іздемей тыңғылықты оқу-жаттығу дайындығын жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы 27 қарашадағы "Жамбыл облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына, оның ішінде ойын түрлері бойынша командалар сапына кіретін спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" №262 қаулысына сәйкес жеткен жетістіктеріне орай ай сайын 13 АЕК (37921 тг) ден бастап 727 АЕК (2 120 659 тг) дейін ақшалай төлемдер төленуде.

Жоғарғы спорт жетістігіне жету үшін бұқаралық спорт саласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың санын арттыру басты мақсат болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 475,3 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 39,1%-ға жетті. 2025 жылға дейін аталған көрсеткішті 50%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Жыл басынан облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау бағытында барлығы 3 524 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 571,4 мың адам қатысты.

Осыған орай, бұқаралық спортты дамыту және балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыруға тарту мақсатында 2021 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан спортты жан басына қаржыландыру қағидалары бекітілді.

Ағымдағы жылы Мемлекеттік тапсырыстарды енгізу арқылы 4-17 жас аралығындағы 5 280 бала мен жасөспірімдерге спорттық секциялар тегін негізде 17 спорт түрімен айналысуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная