ПОДЕЛИТЬСЯ
16 шілде 2020 | 12:53
Жамбыл облысында тыныс алу аппараттарына 338 миллион теңге жиналды
Жамбыл облысында кәсіпкерлер тыныс алу аппараттарына 338 миллион теңге жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында кәсіпкерлер тыныс алу аппараттарына 338 миллион теңге жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірде коронавирус инфекциясына шалдығып, ауырған адамдарды емдеу мақсатында қаражат жинауға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастама көтерген. Кәсіпкерлер тарапынан 338 млн теңге қаржы жиналып, арнайы өкпеге ауа беру, концентратор аппараттарын, қажетті дәрі-дәрмектер сатып алып, облыстың ауруханаларына таратып жатыр.
Олардың ішінде, "Казфосфат" ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров 38 миллион теңгеге облыстық инфекциялық ауруханаға 10 аппарат сатып алып берді. 6 аппарат "Казфосфат" ЖШС филиалдарына қойылыпты. 1 аппаратпен 2 адамды емдеуге болады.
"Talas Investment Company" ЖШС бас директоры Б.Алдашов 100 миллион теңгені "Біз біргеміз" қорына теңге аударған.
Жамбыл облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы инфекциялық ауруханадағы дәрігерлер, медбикелер мен санитарларға 100 адамға күнделікті түскі ас жеткізіп, өкпеге ауа беру аппаратының 12 данасына, "Тараз" футбол клубы 5 данасына тапсырыс берді.
"АК Алтыналмас" АҚ 25 миллион теңгеге Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылының тұрғындарына азық-түлік, дәрі-дәрмектер, "Golden Compas Jambyl" ЖШС 24 миллион теңгеге Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарына 2 аппарат, "Еврохим удобрение" ЖШС Жаңатас қаласы ауруханасына 22 миллион теңгеге 1 аппарат, қажетті медициналық құрал-жабдықтар, "Тараз металлургиялық зауыты" ЖШС 20 млн теңгеге дәрі-дәрмектер мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алған.
Облыстық маслихатының депутаты Ғ.Сағынтаев 9 миллион теңгеге 15 аппарат сатып алып, облыстық инфекциялық және аудандық ауруханаларға берсе, "Altais Group" ЖШС басшысы Ә.Жұмабаев 15,5 миллион теңгеге 16 палатағы оттегі трубкаларын жүргізді, концентратор аппараттарын, орталық мешіт арқылы тұрмысы төмен отбасыларына дәрі-дірмектер таратты.
Сонымен қатар, "Амир и Д" ЖШС, "Кокжиек-2030" ЖШС, "Суперфарм" ЖШС, "Жамбылская цементная производственная компания" ЖШС, облыстық кәсіпкерлер палатасы, т.б. кәсіпорындар мен кәсіпкерлер (барлығы 38 адам) ауруханалар мен әлеуметтік осал топтарға қолұшын созып, қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып әперді.
Науқастарға қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтарға халық алғысын білдіріп жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также