31 қазан 2022 09:33

Жамбыл облысында ҰҚК қызметкері белгісіз жағдайда қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкері Асқар Айтбаев қайтыс болды. Оқиға туралы облыстық Полиция департаменті Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің қызметкері Асқар Айтбаев қайтыс болды. Оқиға туралы облыстық Полиция департаменті Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшы және жеке құрамы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінiң Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерi Айтбаев Асқар Күмiсханұлының мезгілсiз қаза болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген ведомство хабарламасында.

Полиция департаменті Асқар Айтбаевтың өңірдегі құқықтық тәртіпті, ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан үлесі ерекше бағаланатынын жеткізді.

Реклама
Реклама

ҰҚК қызметкері өлімінің себептері айтылмаған. Жазбаға пікір қалдырған қолданушылар офицер теміржолдағы апат салдарынан қаза болғанын жазған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram