27 желтоқсан 2018 | 22:16

Жамбыл облысында үздік журналистер марапатталды

Таразда облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен журналистер мен блогерлер арасында "Аймақтың әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірін жарыққа шығару бойынша үздік материал" жыл сайынғы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың қатысуымен журналистер мен блогерлер арасында "Аймақтың әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірін жарыққа шығару бойынша үздік материал" жыл сайынғы байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстағы журналистиканың үздік өкілдері жиналған салтанатты кешке облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы құттықтау сөзін сөйлеп, БАҚ қызметкерлерінің жұмысы қоғамдағы түйткілді мәселелерге және Елбасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының өңірде жүзеге асырылуын жария көрсетуде маңыздылығы жоғары екендігіне тоқталды.

Реклама
Реклама

Салтанатты кеште облыс әкімінің шешімімен облыстың дамуына ерекше үлес қосқаны үшін журналистиканың 7 ардагері "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің қолынан "Үздік журналистік материал", "Үздік аналитикалық мақала", "Үздік теледидар", "Үздік фотосурет" және "Үздік интернет-материал" номинациялары бойынша бірқатар азамат марапаттарға ие болды.

"Үздік журналистік материал" номинациясының жеңімпаздары арасында республикалық газеттердің меншікті тілшілері, оның ішінде Те Михаил ("Казахстанская правда" газеті), Выборнова Галина ("Экспресс-К" газеті), Хашимов Шухрат ("Караван" газеті) марапатталды.

"Үздік теледидарлық сюжет" номинациясының жеңімпаздары арасында "Хабар 24" республикалық телеарнасының меншікті тілшілері Абдуллаев Руслан мен Сулейманова Анастасия, "Хабар" телеарнасының тілшісі Молдабекова Кырмызы және Qazaqstan ұлттық телеарнасының тілшісі Алдебай Сабит марапатталды.

"Үздік талдамалық мақала" номинациясының жеңімпаздары арасында облыстық газеттердің тілшілері, Сатылғанов Саятхан ("АRAI" газеті), Амангелді Әбіл ("AQ JOL" газеті), Оршабеков Кокен ("Знамя труда" газеті) және т.б марапатталды.

"Үздік фотосурет" номинациясының жеңімпаздары облыстық газеттердің фототілшілері, Рысмахан Ақәділ ("AQ JOL" газеті), Алтынбек Қартабай ("АRAI" газеті), Барбаш Виктор ("Знамя труда" газеті) марапатталды.

"Үздік интернет материал" номинациясы бойынша Исламбек Дастан ("Turaninfo" ақпарат агентігінің бас редакторы), Скрипник Галина (халықаралық "Kazinform" ақпарат агенттігінің облыстағы меншікті тілшісі), Құланбаева Гүлбаршын ("Zhambylnews" ақпарат агенттігінің бас редакторы) марапатталды.

Аталған байқауға 40-тан астам материал сараланып, 5 аталым бойынша ең үздіктер анықталды. Саралау барысында әрбір жұмыстың жоғары кәсібилігі, мазмұнының маңызы және презентацияның өзіндік стилі ерекшеліктеріне басымдық берілді.

Марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін облыс әкімі Асқар Мырзахметов барлық журналиске жамбылдықтардың азаматтық белсенділігін ынталандырып, конструктив өмірлік жағдайын қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері үшін алғысын білдіріп, келе жатқан Жаңа жылда шығармашылық табыстар тіледі.

Кеш соңында қонақтарға жаңа жылдық көңіл-күйдің атмосферасын толықтыратын концерттік бағдарлама ұсынылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная