02 желтоқсан 2020 13:47

Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыттың құны аталды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құны мен қуаттылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құны мен қуаттылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысы аумағында вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Зауыт құны шамамен жеті миллиард теңгеге. Қуаттылыққа келетін болсақ, ол 30-дан 60 миллион дозаға дейін вакцина шығарады. Ол тек коронавирусқа қарсы вакциналар шығармайды, сондай-ақ, бруцеллез, дерматит, құс тұмауы және тағы басқа ауруларға қарсы вакцина шығарады. Бұл жануарлардың да, адамның да иммунитетін арттыруға керек препараттар", - деді Сапарбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Әкімнің айтуынша, зауыт жыл соңына дейін іске қосылады.

"Вакцина наурызда шығарылады. Бұл мәселеде Үкіметтің толық қолдауы мен Үкімет тарапынан бақылау бар", - деді әкім,

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram