Жамбыл облысында заңсыз әкелінген вейптер жойылды

Жамбыл облысында заңсыз әкелінген вейптер жойылды Фото:elements.envato.com

Жамбыл облысында 50 мыңға жуық электрон темекі жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 50 мыңға жуық электрон темекі жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА департаменті облыс бойынша сот үкімімен вейптің едәуір көлемін жойды. Құрылғының жалпы саны 49,5 мың дана, құны 171 миллион теңгеден асады.

"Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан Республикасының аумағына вейпті заңсыз әкелуге және айналымына қарсы күрес шеңберінде тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді, оның нәтижелері бойынша биыл тек Жамбыл облысында осындай үш факт анықталды. Тәркіленген вейптердің жалпы саны шамамен 175 мың дана болды, құны 350 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Департамент қылмыстық істер бойынша үкім шыққаннан кейін вейптерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама