Жамбыл облысындағы атыс: зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Жамбыл облысы ПД

Дәрігерлер Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында оқ жарақатын алған төрт адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлер Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында оқ жарақатын алған төрт адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция не дейді?

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған. Құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, зардап шеккендердің екеуі жансақтау, екеуі хирургия бөлімінде.

28 жастағы науқастың жаралары хирургиялық жолмен емделген. Жағдайы ауыр деп бағаланады. 26 жастағы науқастың да жаралары хирургиялық жолмен емделген. Жағдайы ауыр, тұрақты.

Зардап шеккен тағы екі адам хирургия бөлімінде: біреуі бас жарақатымен жатыр, екіншісінің қолына оқ тиген. Екеуіне де ота жасалған, жағдайы тұрақты.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам зардап шеккеніхабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама