Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінен тағы бір әуе бомбасы табылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінен тағы бір әуе бомбасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы ауылдардың бірінен тағы бір әуе бомбасы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 ақпан күні сағат 14:30-да полицияға 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Ол Жамбыл облысы Байзақов ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын айтқан.

Фото: Жамбыл облысы ПД

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына келген саперлер снарядты зерттеп, оның "ОФАБ-100" үлгісіндегі жарылғыш-фугасты авиациялық бомба екенін анықтады", - делінген хабарламада.

Зерттеуден кейін саперлар бомбаны залалсыздандыру үшін Жамбыл облысы Айша бибі ауылындағы полигонға алып кеткен.

Фото: Жамбыл облысы ПД

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная