Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан ер адам Беларуське қашып кеткен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Беларусьтен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Беларусьтен экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Бас прокуратура Интерполдың көмегімен "А" есімді ер адамды Беларусь Республикасынан экстрадициялады. Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылған.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды. Қазақстанның заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама