27 тамыз 2021 | 15:04

Жамбыл облысындағы жарылыстар: қаза тапқандар саны 9-ға жетті

Камила Долаева Журналист

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 9-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандар саны 9-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталып жатыр", - делінген жедел штаб мәлімдемесінде.

Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД-ның 49 қызметкері түскен.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан бес әскери адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная