16 тамыз 2023 | 14:41

Жамбыл облысындағы мерзімді әскери қызметкердің қазасы: 5 адам жұмыстан босатылды

Фото:gov.kz

Былтыр тамызда Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бекетінде мерзімді әскери қызметкер қайтыс болғаннан кейін 5 әскери қызметші жұмыстан шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Былтыр тамызда Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бекетінде мерзімді әскери қызметкер қайтыс болғаннан кейін 5 әскери қызметші жұмыстан шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҰҚК ШҚ тәрбие, идеологиялық және кадр жұмысы департаменті бастығының орынбасары – кадр басқармасының бастығы полковник Ерік Беріков мәлімдеді.

"Облыстық департаменттің бастығы, шекара басқармасының басшысы, заставаның бастығы және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары лауазымынан алынды", - деді Ерік Беріков ОКҚ брифингінде.

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жатқан 18 жастағы мерзімді сарбаз 2022 жылдың тамызында өз-өзіне қол жұмсады. Тергеу кезінде өз-өзіне қол жұмсаудың себептерінің бірі ретінде сарбазға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетілгені қарастырылды. 2023 жылдың қаңтарында күдіктінің адвокаты Сержан Пралиев баспасөз мәслихатын өткізіп, онда жүргізілген биологиялық сараптаманың нәтижелері туралы айтты.

Бас прокуратураның ақпан айындағы мәліметінше, солдаттың өз-өзіне қол жұмсау себебі, форпостта бірге қызмет еткен әскери қызметкердің билікті асыра қолдануы. Ол психологиялық тұрғыдан жүйелі түрде Мираш Б-ны, сондай-ақ басқа әскери қызметкерлерді ұрып, қорлаған деп көрсетілген іс материалында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная