ПОДЕЛИТЬСЯ
07 ақпан 2021 | 12:01
Жамбыл облысындағы пойыздың рельстен шығып кетуі: жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кеткеннен кейін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кеткеннен кейін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін таңертеңнен бері жолды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Платформаны тазалау мен электр беру желілерін жөндеуден өтіп жатыр. Әдеттегі жұмыстар қтж-да өтетіндіктен толығырақ ақпарат алу үшін соларға жүгіну керек", - деді Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
ТЖД өкілдерінің сөзінше, сағат 21.30-да тақ жол қозғалысы қалпына келтірілді.
Еске салайық, 6 ақпанда Жамбыл облысында Шу-Алматы бағытындағы жүк пойызы рельстен шығып кеткен болатын.
Салдарынан Отар станциясында кідіріс болды:
Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында № 3 жолаушылар пойызы 4 сағат 45 минутқа (167 жолаушы, оның ішінде үш бала, 18 вагон);
Алматы - Петропавл бағытындағы № 15 жолаушылар пойызы 2 сағат 37 минутқа (445 жолаушы, 43 бала, 16 вагон);
Алматы-Атырау бағытындағы № 41 жолаушылар пойызы 1 сағатқа (227 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 17 вагон);
Алматы - Қостанай бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы 30 минутқа (200 жолаушы, 1 бала, 19 вагон).
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также