27 сәуір 2022 | 14:32

Жамбыл облысындағы "Шымбұлақтың" құрылысы неге тоқтап тұр?

Жамбыл облысында "Қаралма" спорттық-туристік кешенінің құрылысы тоқтап тұр. Ал құрылысқа жауапты инвестор жобаны аяқтауға мемлекеттен жәрдем сұрап отыр. Tengrinews.kz тілшісі әкімдікке сұрау салып, мәселенің мән-жайын сұрады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында "Қаралма" спорттық-туристік кешенінің құрылысы тоқтап тұр. Ал құрылысқа жауапты инвестор жобаны аяқтауға мемлекеттен жәрдем сұрап отыр. Tengrinews.kz тілшісі әкімдікке сұрау салып, мәселенің мән-жайын сұрады.

Кешенге "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автодәлізінен 8 шақырым жол тартылып, газ, су құбырлары жеткізілген. Аспалы жолдың бағаналары орнатылып, қар күрейтін техникаға дейін алынған. Бірақ, инвесторлардың ақшасы таусылғаннан кейін құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылы "Тараз" ӘКК" АҚ бірлескен қызмет туралы келісімдер шеңберінде жалпы ауданы 21,0843 гектар жерді сатып алу құқығына 34 жер учаскесін жеке инвесторларға берді. Жобаны іске асыру үшін "ТаразСтрой-2004" ЖШС  4,2 миллиард теңге алған. Бүгінде "ТаразСтрой-2004" ЖШС-нің шығындары 4 миллиард теңгеден асты. Сонымен қатар, дәл осы компания спорт-туристік кешен құрылысының негізгі инвесторы болып тұр. 

Реклама
Реклама

Ведомствоның мәліметінше, "Таразстрой-2004" ЖШС жобаға қаржының жетпеуіне байланысты қиын жағдайға тап болды. 

"Компанияға кешен құрылысын толық аяқтау үшін тағы 1 774,7 миллион теңге қажет. Сондай-ақ, "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде инвестициялық жобаны аяқтауды қаржыландыру үшін "Таразстрой-2004" ЖШС-нің кепілзаты мен кепілдігі болмай тұр", - делінген хабарламада. 

Әкімдік өкілдері "Қаралма" спорттық-туристік базасы инвестициялық жобасын іске асыру бойынша тиісті шаралар қабылданғанын жеткізді. 

"Биыл 12 сәуірде "Тараз" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, облыстық туризм басқармасы және "Таразстрой-2004" ЖШС-нің басшылары кездесіп, құрылысты аяқтаудың алдын ала жолдарын қарастырды. Онда облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру және "Қаралма" спорттық-туристік базасын сатып алу үшін шетелдік және жергілікті инвесторларды тарту мәселелері талқыланды", - деп қосты Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2018 жылы Жамбыл облысында алғашқы ірі туристік кешенінің құрылысы басталғанын сол кездегі өңір басшысы Асқар Мырзахметов жеткізген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная