12 қаңтар 2022 | 22:48

Жамбыл облысындағы тәртіпсіздікке қатысушыларды іздеу кезінде екі әскери қызметкер қаза тапқан

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

10 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің учаскесінде тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ҰҚК Департаменті ғимаратына шабуыл жасағандарды іздестіру бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметшілері капитан Ерзат Карменов пен келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Шавкат Армидинов автокөлік апатында қаза тапты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

12 қаңтарда Өскемен халқы капитан Карменовті соңғы сапарға шығарып салды. Қатардағы жауынгер Армидинов Алматы облысының Үлкен Дехан ауылында жерленді.

Қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне ҰҚК Шекара қызметінің ШҚО және Алматы облысы бойынша департаменттерінің басшылары, шекарашы-ардагерлер, әріптестері мен жақындары қатысты. "Қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды ведомство баспасөз қызметіндегілер. 

Реклама
Реклама

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная