22 тамыз 2023 17:25

Жамбыл облысының 6 ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жамбыл облысының 6 ауданында табиғи сипаттағы өңірлік ауқымда төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының 6 ауданында табиғи сипаттағы өңірлік ауқымда төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Азаматтық қорғау туралы" Заңның 48-бабы негізінде премьер-министрдің қаулысы бойынша, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов және Талас аудандарында табиғи сипаттағы өңірлік ауқымда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты, ҚР Үкіметінің төтенше резервінен облыстың жоғарыда аталған аудандарында ауа райының қолайсыздығынан және судың жетіспеушілігінен туындаған фермерлердің шығындарын жабуға қаражат бөлу мәселесі шешіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, суармалы судың жетіспеушілігі мен осы аймақтағы әдеттен тыс ыстық ауа райы салдарынан өнімнің азаюы былтырғымен салыстырғанда шамамен 25-30 пайыз.

Жағдайды ескеріп, биыл шілдеде премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте өңір басшысы өңірлік төтенше жағдай жариялау мәселесін көтерді.

"Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурс министрліктерінің, су ресурстары комитетінің, "Қазводхоз" Жамбыл облыстық филиалының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді", - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кеңес мүшелері өріске барып, жағдаймен танысып, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесулер өткізді. Премьер-министр Смайылов жұмыс сапары барысында жергілікті фермерлермен жеке кездесіп, өңірдің жағдайымен танысқан.

"Жүргізілген кешенді жұмыстың қорытындысы бойынша өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жариялап, шаруа қожалықтарына өтемақы төлеу ұсынылды. Өңірдің алты ауданында жұмыс топтары мен ғылыми-зерттеу институты бірлесіп залалды есептеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдағы күндері жарамсыз алқаптардың ауданы мен залал көлемі нақтыланып, шаруа қожалықтарына келтірілген залалдың көлемі вегетациялық кезең аяқталғанға дейін айқындалады", - деп толықтырды әкімдік хабарламасында.

Жамбыл облысының әкімі фермерлерге келтірілген залал көлемін есептеудің заңдылығын қатаң қадағалауды міндеттеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram