17 тамыз 2024 | 12:20

Жамбыл облысының дарынды оқушылары түрлі білім бәсекелерінде топ жарып жүр

Жамбыл облысының дарынды оқушылары мен ұстаздары халықаралық, республикалық олимпиадалар мен байқауларда топ жарып, аймақ абыройын еселеуде.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының дарынды оқушылары мен ұстаздары халықаралық, республикалық олимпиадалар мен байқауларда топ жарып, аймақ абыройын еселеуде.

Биыл дарынды оқушылар халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 467 медаль иеленді.

Реклама
Реклама

Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы топ жарып, 15-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда», сондай-ақ биыл олимпиада қортындысы бойынша «Еңүздік олимпиадалық команда» атанды.

«WorldSkills» республикалық чемпионатына 25 студент қатысып, 16-сы жүлделі орынға ие болды (алтын – 2, күміс – 2, «Үздік маман» медальоны – 12).

Білім бәсекелерінде өңір педагогтері де жеңс тұғырынан көрініп келеді. Халықаралықакадемик Асқар Жұмаділдаев атындағы және IMPACT ашық шығармашылық байқауларында математика, физика және информатика пәндерінен сабақ беретін 18 педагог жеңімпаз атанып, командалық есепте республикада I орынды иеленді. Бұдан бөлек, олимпиадалар мен байқауларда 81 ұстаз жүлделі орындарға ие болды.

- Ұрпағымыз білімді болса, болашағымыз жарқын болары сөзсіз. Дарынды балаларымыз – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келісті келбеті. Өңірде мақтан тұтарлық дарынды оқушылар мен жастарымыз баршылық, олардың жетістіктері қуантады, – деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев педагогтердің дәстүрлі тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram