12 сәуір 2022 | 18:37

Жамбыл облысының жаңа әкімі Тоқаевқа өңірдегі жағдай туралы есеп берді

Фото: Telegram / Bort N1

Жақында тағайындалған Жамбыл облысының жаңа әкімі Нұржан Нұржігітов Президентке өңірдегі жағдай туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жақында тағайындалған Жамбыл облысының жаңа әкімі Нұржан Нұржігітов Президентке өңірдегі жағдай туралы ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Әкімнің сөзінше, өңірге тартылған инвестиция көлемі 63,1 миллиард теңгеге жеткен. Одан бөлек:
- құны 100,5 миллиард теңге болатын 15 инвестициялық жоба іске асырылып, 1000-нан астам жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр;

  • 2025 жылға дейін 75 инвестициялық жоба жүзеге асырылады;
  • 2022 жылы Жамбыл облысында 810 мың шаршы метр тұрғын үй салынады;
  • 25 елді мекен ауызсумен қамтамасыз етіледі;
  • 17 ауылға газ тартылады;
  • өңірдегі егіс алқабы 9,2 мың гектарға ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылады.
Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы бағаны бақылауда ұстау, халықтың табысын арттыру, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная