Кеше | 10:09

Жамбыл облысының шенеуніктері қандай көлік мініп жүр?

Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысы әкімі аппараты Tengri Auto-ға берген ресми жауабында облыс әкімдігінің автопаркі туралы айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы әкімі аппараты Tengri Auto-ға берген ресми жауабында облыс әкімдігінің автопаркі туралы айтты.

Шаруашылық басқару балансында 8 жеңіл көлік бар. Олардың ішінде Mercedes-Benz W222, Hyundai Palisade (екі көлік), Toyota Land Cruiser 200, Toyota Highlander, Toyota Camry 55, Kia Quoris, Toyota Hiace бар.

Әкімдік өкілдері сатып алу кезінде орташа жиынтықтағы автомобильдерге баса назар аударылатынын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Жамбыл облысы әкімдігінің автопаркін жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады", - деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жанболат Нұрмолдаұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні