ПОДЕЛИТЬСЯ
28 сәуір 2020 | 14:02
Жамбыл облысының тұрғындары Президентке алғыс білдірді
Президент Үндеуін Жамбылдықтар қызу қолдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Үндеуін Жамбылдықтар қызу қолдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлемді әбігерге салған індетті ауыздықтау өз елімізге де оңай соққан жоқ. Бірінші кезекте елдің амандығы, аурудың таралмауы басты қаперге алынды. Осы ретте мемлекетімізде сақтық шаралары күшейтіліп, төтенше жағдай режимі енгізілді. Жұмбақ аурумен күресу мақсатында тиісті шаралар қолға алынып, елдегі ахуал бақылауға алынды. Соның арқасында халық қатты зардап шеге қойған жоқ. Жағдай әлі де бақылауда болмақ. Десе де күні кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған мәлімдемесі арқылы 11 мамырда Заңға сәйкес төтенше жағдай аяқталатынын айтып, жұртшылықтың көңілін орнына түсіргені анық. Мұны Жамбыл облысының зиялылы қауымы мен ақсақалдары, халық қалаулылары мен шаруалар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталған мәлімдемесіне орй білдірген пікірінен аңғаруға болады.
Мәселен, "Қазфосфат" ЖШС директоры, "Қазақстанның Еңбек Ері" Мұқаш Ескендіров: "Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде кез келген саланың қолдаусыз қалмайтынын жеткізді. Соның ішінде 11,5 мың шағын және орта бизнес өкілдеріне несиелерін кейін төлеу үшін мүмкіндік беріліп отыр. 700 мыңнан аса компания мен жеке кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалуы, шағын және орта бизнеске тиімді несие беру үшін қаражат бөлу де халыққа жасалған айрықша қолдау деп білемін. Сонымен қатар жұмысшы санын және еңбекақы көлемін азайтпау мақсатында ірі компанияларға тиісті қолдау көрсетілмек. Ел азаматы ретінде Қасым Жомарт Кемелұлының батыл қадамдарын шын көңіліммен қолдаймын. Көпшілікті тәуелсіз еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан игі шараларды бірлесе жүзеге асыруға шақырамын", – деді Мұқаш Зұлқарнайұлы.
Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Президентіміздің мәлімдемесін облыстық ардагерлер кеңесі мекемесінің зиялы қауым өкілі Akorda.kz сайтынан оқып, қызу қуаттағанын жеткізді.
– Құрметті облыс тұрғындары, елімізге ғана емес, әлемге төнген қауіпті дерт халықтың санасын да елдің экономикасын да бір сілкінтті. Барлық шектеулер мен қауіпсіздік шаралары тек халықтың қамы үшін екендігін жұрт болып ұғыну тиіспіз. Карантин шарасының көбі кетіп, азы қалғанда шыдамдылық танытайық. Түптеп келгенде бұл іс-шара Сіздер мен біздердің амандығымыз үшін жасалып отыр, – деп халықты сабырлыққа үндеді.
"Зылиха" шаруа қожалығының жетекшісі Керімқұл Бегалиев: "Мемлекет тарапынан халқымыздың амандығы мен денсаулығы үшін көптеген шаралар қолға алынды. Халықтың жағдайын ескеріп, мемлекеттік әлеуметтік көмектер көрсетілді. Бұл игі істердің барлығының куәсі болып отырмыз. Ондай шаралардың ішінде шаруа қожалықтар да ұмыт қалмады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін бар жағдай жасалуда. Мемлекет басшысының осы мәлімдемесінде барлық азаматтарға төзімділік пен шыдамдылық, түсіністік танытып отырған жандарға алғысын білдіруі де кісілікке жатады.
Біз шыдамдылық пен төзімділікті ұстанған халықтың ұрпағымыз. Сол себепті де бүгінгі күні бойымыздағы асыл қасиетіміз сабырлық аса қажет болып отыр. Індет жойылып, еліміздегі төтенше жағдай алынып, мамыражай өмірімізге оралатынымызға сенім мол. Ол үшін біз де өз тарапымыздан мемлекетімізге қолдау білдіріп, әрекет етуіміз керек" – деді ол.
Осы ретте Жамбыл облыстық "Жібек жолы жастары" волонтерлық қозғалысының жетекшісі Аяулым Расылқан да өз пікірін білдіргенді жөн көріпті. Ол мемлекет Басшысының мәлімдемесінен осы күнге дейін 4 миллион 250 мың қазақстандыққа қаржылай көмек көрсетілгенін, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылса, барлығы 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтылғалы отырғанын, сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам азаматқа коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілетінін оқып, қуанғанын әсерлі жеткізген.
"Біз осынау сын сағатында ерікті ретінде жағдайы төмен көптеген отбасыларға, жалғызбасты аналарға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға демеушілердің көмегімен аса қажетті азық-түлік топтамасын таратумен айналыстық. Сол кезде олар мемлекеттің жасап отырған қамқорлығы үшін өз алғыстарын айтып жатты. Алдағы мамыр айына да жұртшылық 42500 теңге алатын болды. Бұл індетке байланысты табысынан айырылған кәсіпкерлер мен жұмыссыз қалған қызметкерлер үшін қуанышты хабар екені анық", – дейді Аяулым Расылханқызы.
Жамбыл жұртшылығының Мемлекет басшысының мәлімдемесіне орай білдірген пікірі, қолдауы жамбылдықтардың ел ертеңіне селқос қарамайтынын аңғартады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также