22 қазан 2023 | 08:51

Жамбыл облысының тұрғындарын алдаған алаяқ ұсталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жамбыл облысының тұрғындары шетелдік автокөліктерді заңдастыруға уәде берген адамға алданып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысының тұрғындары шетелдік автокөліктерді заңдастыруға уәде берген адамға алданып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы полиция бөліміне екі жәбірленуші шағымданды. Олардың айтуынша, белгісіз ер адам оларға шетелдік көлік құралдарын есептен шығару қызметтерін ұсынған. Жәбірленушілердің көліктері Қазақстан Республикасының аумағына 2023 жылы, яғни рұқсат етілген мерзімнен кейін әкелінген. Күмәнді қызмет үшін ер адамдар 1 500 000 теңгеден астам ақша берген. Олар соңғы сәтке дейін күтіп, алаяқтың айла-амалдарына түскенін білмеген.

Есептен шығару үшін жалған қызмет беруші олардан көлік құралын тіркеу туралы куәліктерін сұраған және дайын құжаттар 2 аптадан кейін келеді деп уәде берген. Нәтижесінде, қолма-қол ақша алғаннан кейін, ол уәде етілген жұмысын әртүрлі сылтаулармен кейінге қалдырып, заңдастыру қызметінің аяқталуына қарамастан, көліктерді рәсімдейтініне сендірген.

Реклама
Реклама

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 33 жастағы жұмыссыз тұрғын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, шетелдік автокөліктерді заңдастыру Қазақстан Республикасында 2023 жылдың қаңтарында басталып, өтінімдерді қабылдау 1 шілдеде аяқталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная