ПОДЕЛИТЬСЯ
17 тамыз 2021 | 18:12
Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі
Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбылда биыл 11 білім беру нысаны пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл 1 қыркүйекте Жамбыл облысындағы 442 мектепке 240 мың оқушы барады деп күтіледі. 22 мыңнан аса бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.
Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамаловтың айтуынша, биыл 23 білім беру нысанының құрылысына 8,9 миллиард теңге қаралған десек, оның 11-і биыл пайдалануға беріледі. Нәтижесінде бір апатты, 3 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі. Барлығы 16 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 3,6 миллиард теңге бағытталған.
Барлық мектептер бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген. 47 мектепте турникеттер, 18 мектепте дабыл түймелері орнатылған.
Өз сөзінде Талғат Жамалов мектеп оқушыларын жаңа оқу жылында оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету жайына да тоқталып өтті. Бұл мақсатқа бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу негізінде сатып алынатын оқу құралдарын жеткізу 20 тамызға дейін толығымен аяқталады.
Білім беру мекемелерінің барлық қызметкерлері (медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда) COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған.
"Мектептерде санитарлық талаптарды сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.
Балалардың денсаулығы бәрінен маңызды, сондықтан әр сынып өз кабинетінен ауыспай оқиды. Маска тағу режимі сақталады. Барлық білім беру нысаны Ashyq қосымшасына қосылған", - деді Талғат Жамалов.
Оның айтуынша, егер бір оқушыдан коронавирус анықталса, онда сол сынып онлайн оқыту форматына жіберіледі.
"Балалар мен олардың ата-аналары қажетті оқу құрал-жабдықтарын сатып алып жатқанда, басқарма мен білім бөлімдері оқушылардың оқуына қолайлы жағдай жасау үшін бар күшін салуы керек", - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы тиісті басқарма мен білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі департаментке бірқатар тапсырма жүктеді.
"Барлық оқушыларды оқулықтармен, елді мекендердегі интернеттің сапасы мен жылдамдығымен қамтамасыз ету, апатты мектептер мәселесін зерделеу, мектептерді облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығымен интеграциялау бойынша жұмыстарды аяқтау, білім беру нысандарын жылыту маусымына дайындауды жеделдету, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа жүйесін енгізу қажет", - деп талап етті өңір басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также